Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешев Торайғыров университетінде болды.

 

ЖОО бойынша шолу экскурсиясы өткізілді. Коворкинг орталығында ғылыми және бизнес-жобалар таныстырылды. Мейрам Өтешев Виктор Камкиннің емдік өсімдіктер туралы зерттеуін атап өтті. Еске салсақ, облыста емдік өсімдіктердің 194 түрі өседі.

Рамис Зарипов электр двигателімен жұмыс істейтін тримаранмен таныстырды. Құрал табиғат қорғаужерлерінде жүзе алады.

Әкімнің орынбасары ауыл шаруашылығы факультетінде жылқы, қой шаруашылығы бойынша қауымдастықтар құруды ұсынды.

Мейрам Өтешев, сонымен қатар, тегін білім алуға мүмкіндік беретін IT-SCHOOL-да болды.

Еске сала кетсек, Торайғыров университеті жергілікті атқарушы органдармен бірге  "Мықты ЖОО - мықты аймақ" бағдарламасын жүзеге асыруда. Бүгінде оқу орнының көптеген ғалымдары облыс, қала және аудан әкімдіктері жобалық кеңселерінің жұмысына тартылған. Бұл ЖОО-ның ғылыми-техникалық әлеуетін аймақтық мәселелерді шешуде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.