Биыл Қазақстан жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуын, "Абай жолы"роман-эпопеясының алғашқы кітабының жарыққа шыққанына 80 жыл толуын атап өтеді.

Бұл күндері ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мәскеу қ.халықаралық шығармашылық академиясының академигі, "Барыс", "Құрмет" ордендерінің кавалері, университеттің профессоры Шахимардан Әбілов құрған моно-операның премьерасы өтуде. 

Ол Павлодар, Екібастұз қалаларында, Баянауыл және Шарбақты аудандарында шырқалады.