Торайғыров университетінің студенттері электрэнергетика бойынша республикалық пәндік олимпиадада жеңіске жетті.

Карим Темирбулатов, Даулет Абенов, Глеб Пичкур командалық есепте бірінші және жеке есепте екінші орын алды.

Жарыс аралас форматта өткізілді, студенттер төрт пән бойынша практикалық тапсырмаларды орындады: электр машиналары, электрмен жабдықтау, электр станциялары мен қосалқы станциялар, электр желілері мен жүйелер.

Жетекшісі Айгуль Ашимова болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Торайғыров университеті  командасының үшінші жеңісі. Бұған дейін Студенттер 2018 және 2020 жылдары үздік атанды.