Мәдениет және ғылым саласының өкілдері "Мәшһүртану" ғылыми-тәжірибелік орталығында дөңгелек үстел басына жиналды.

 

Ғылым комитеті Философия, саясаттану және Дінтану институтының аға ғылыми қызметкері Бақытжан Сатершинов жастарды ұлттық рухани құндылықтарға баулу керектігін жеткізді. Себебі, олар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өміріне қатысты шындықты өтіріктен ажырата білу керек.

Қолданбалы өнерде ойшылдың образын қалыптастыру, "Мәшһүртану" траекториясын мектеп ортасына енгізу  туралы ППУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қуаныш Ерғалиев айтты.

"Мәшһүр және Абай: мифтер мен шындық" тақырыбын талқылауға доктор PhD, Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану Орталығының директоры Алмасбек  Шағырбай, БҰҰ Еуропа мен ТМД елдеріндегі еріктілер бағдарламасының менеджері (Стамбул) Римма Сабаева, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері Өсербай Шұранов және Әнуар Игембаев, "Қамқор" ҚБ-нің жетекшісі Салтанат Сәрсембаева қатысты.

Қатысушылар мәдени мұра концепциясы аясындағы жеке зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар өз жобаларын жүзеге асырып, әлеуметтік-мәдени үрдістерді зерттеуді жалғастыруға келісті.