Торайғыров университеті әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының профессоры Эдуард Тихонович Янчук 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

 

Мерекелік шараға ғылыми қауымдастық, әріптестері, студенттері мен шәкірттері қатысты.

Қазақстан Республикасының Ағарту ісінің үздігі Эдуард Янчук - саясаттану, саяси технологиялар туралы ондаған ғылыми мақала, оқу құралдарының авторы.

Ғалым "С .Торайғыровтың 125 жылдығы" және «Ветеран труда» медальдарымен марапатталған.

Э. Янчук - әріптестері мен студенттері арасында ардақты тұлға. Бүгінгі күні ғылыми білімі мен тәжірибесімен студенттерімен бөлісіп келеді.