Торайғыров университетінде төрт жасар Айша Маратқа қаржы жинау бойынша қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қыз балаға бас миының ісігі  (нейробластома) диагнозы қойылды. 


Жәрмеңкеде танымал кондитерлер мен әуесқой шеберлер жасаған үй тәттілері ұсынылды. Студенттер Гарри Поттер фильміндегі сиқыршылардың киімін киді. 

Келушілер арнайы жәшіктерге ақша салып, сәбиге көмектесу мүмкіндігіне ие болды. 

Қайырымдылық жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 83000 теңге жиналды. Қаржы Айшаның еміне жұмсалады.