Облыс әкімдігі, кәсіпорындар мен Торайғыров университеті ғылыми-техникалық сала мен студенттерді тағылымдамадан өткізу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Үшжақты келісімшарт талаптарын үштік спираль қағидаты бойынша «EkibastuzFerroAlloys», «Mineral Product International» ЖШС және Ақсу электрометаллургиялық зауыты жүзеге асырады.
Кәсіпорын қызметкерлері студенттерге сабақ берумен қатар, технологиялық үрдістермен таныстырады. Сонымен қатар, бос орындар туралы ақпарат беріп отырады. Құжат бойынша жаңа кадрлық резервтер, ортаңғы, жоғары звено, жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау жағы қарастырылған.

Облыс әкімінің инвестициялар, кәсіпкерлікті дамыту және АЭА жөніндегі орынбасары Сәкен Шаяхметовтың айтуынша, инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыста кадрларды оқыту аса маңызды.
- Облыстың әлеуеті жоғары. Инвесторлардың ниеті жақсы. Инвесторларды тиісті инфрақұрылымды тарту жағы қызықтырады. Себебі, бизнесті дамыту үшін бағдарламалардың барын біледі. Сонымен қатар, техникалық жағынан дайын, оқытылған мамандардың бар-жоғын жиі сұрайды, - дейді әкімнің орынбасарыСәкен Шаяхметов.

Меморандум аясындағы нақты жоспар жүзеге асса, 3-4 жылдың ішінде кәсіпкерлер үшін кадрлар шоғыры қалыптасады.