Еліміздің кеңсе тіркеушілері Назарбаев университетінің бастамасымен «Пандемия тәжірибесі: жаңа шынайылық және табысты тәжірибе» воркшоп шарасын өткізді.


ToU тіркеу кеңсесінің директоры Сәндігүл Мұстафина жоғары оқу орнының тәжірибесі негізінде үздіксіз білім беру шеңберіндегі оқыту нәтижелері туралы айтып берді.
Маманның айтуынша, бүгінде оқу орындары білім беру бағдарламалары шеңберінде бейресми оқытуды мүмкіндігінше пайдалануды дамытып жатыр.
«Десе де, қазіргі уақытта бұл үрдісті әр жоғары оқу орны Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінен тыс өз бетінше жүзеге асыра алады. Бұл мәселе бойынша ортақ іс-қимыл қажет », - дейді спикер.
Еске сала кетсек, Торайғыров университетіндегі оқу үрдісіне арналған цифрлық инфрақұрылым толық автономды. IТ-экожүйесінің негізгі компоненттері - авторлық жобалар. Студентпен әрекеттесетін модульдер бизнес-үрдістер, оқу материалдары мен білім беру бағдарламаларымен біріктірілген.