Аймақтың құқық қорғау органдарының өкілдері студенттер үшін криминалистика бойынша зертханалық сабақ өткізді. Болашақ заңгерлер қылмыстардың бетін ашу мен тергеу жүргізудің қыр-сырын меңгеруде.

Студенттер аяқ киім, көлік дөңгелегі мен құралдардың іздеріне трасологиялық сараптама жасады. Жойылған белгілерді қалыптастыру сараптамасын қарастырды: баллистикалық сараптама, суық қару сараптамасы.
Білім алушылар жедел-криминалистік полигонда саусақ іздерін шешіп, одорологиялық зерттеу жүргізді.
Алдағы уақытта тәжірибелік сабақтарды өткізу жалғасады. Себебі, бұл үрдіс заңтану саласындағы мамандарды даярлауда аса маңызды.