«Проманалит» және Торайғыров университеті оқу орны мен компания арасында академиялық, ғылыми-техникалық сала жөніндегі меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсіміне компания басшысы Игорь Исупов пен оқу орнының ректоры Еркін Садықов қатысты.
Енді студенттер «Проманалит» ЖШС-да тәжірибеден өтіп деген, келешекте жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ. Кәсіпорын Қазақстандағы газсараптамалық құрал-жабдықтардың өндірушісі болып табылады.
Игорь Исупов студенттерге «Қазақстан Республикасындағы экологиялық дамудың заманауи үдерістері» тақырыбында дәріс оқыды. Газ сараптамасы және өнеркәсіптік автоматтандыру туралы айтып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.