ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары Нұргүл Айғожина мен Ирина Чидунчи Торайғыров университетінде болды.

Халық қалаулылары үшін оқу орны мен кампустар бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Депутаттар жаратылыстану факультеті, Computer Science және энергетика факультетінің зертханаларының жұмысымен танысты.

Beisembayev Library кітапханасында студенттермен кездесу өтті. Жиналғандар волонтерлік қозғалыс, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жайында әңгіме қозғады. Кездесу соңында депутаттар студенттердің сұрақтарына жауап берді