«Шығармашылық шеберхана» – Beisembaev Library және Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, Сәулет және дизайн кафедраларының біріккен жобасы. Жуырда студенттер үшін суретші Галина Беспаловамен шеберлік сағаты өтті.

Галина Яковлевна кескіндеме, графика, қолданбалы өнер салаларындағы тәжірибесімен бөлісті. Галина Беспалова 2005 жылдан бері батик – жібекте сурет салу және киім дизайнымен айналысып келеді.

ЖОО және колледж студенттері сұрақтарын қойып, суретші шеберлігінің құпияларын білгісі келді. Сонымен қатар, иллюстрациялармен танысып, жасау әдістерін тамашалады.