Торайғыров университетінің «La Vie Добро» студенттік волонтёрлік ұйымы жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалауға көмектесуде.

Жастар акцияны жыл сайын өткізеді. Қолдарына күрек алып, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар, көмекке зәру азаматтарға көмек қолын созады. Волонтёрлер бұл қайырымдылық шарасына қала тұрғындарын шақырады.