Ғылыми кеңестің шешімімен Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовке Торайғыров университетінің профессоры атағы мен оқу орнының мерейтойлық медалі берілді.

 

Сонымен қатар, Vista оқу орталығының директоры Людмила Пак көп жылғы әріптестік үшін Құрмет грамотасымен марапатталды

ЖОО ректоры Еркін Садықовтың айтуынша, ПМХЗ мен университет арасындағы әріптестік қарым-қатынас ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірігіп жүргізу, студенттер мен магистанттар үшін тағылымдама, тәжірибеден өткізу, сонымен қатар, кәсіпорын жұмыскерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мақсаттарын көздейді. 

Кездесу барысында Оспанбек Әлсейітов зауытты модернизациялау барысында іске қосылған жаңа құрылғыларды басқаратын кәсіби техникалық кадрларды даярлау мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Зауыт мамандары дуалды білім беру бағдарламасы шеңберінде студенттерге сабақ береді, курстық және дипломдық жұмыстарға жетекшілік етеді, сонымен қатар, оқытушылармен бірге салалық мамандықтарға бағдарламаларды сараптайды.