Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов Торайғыров университетіне жұмыс сапары барысында ғылыми әзірлемелер, ІТ-экожүйе мен Beisembayev Library жұмысымен танысты.

А. Байханов студенттің жеке кабинеті, қашықтықтан білім беру платформасының негізгі компоненттері - университеттің авторлық жобасы екенін тілге тиек етіп, бұл платформада оқу орнының барлық бизнес-үрдістері жинақталғанын айтты. Платформада білім беру бағдарламалары бойынша барлық оқу құралдары шоғырланған.

Кездесу қорытындысы бойынша екі жақты оқу және ғылыми жобаларды жүзеге асыру бойынша оң бастаманың негізі қаланды.