2021 жылғы 19 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастамасымен қоғамда парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында «құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылар арасында ЖОО студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы жобалар сайысы ұйымдастырылды.

Жобалар «Торайғыров университеті» КЕАҚ "Құқықтану" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының басшылығымен дайындалды.
Байқау қорытындысы бойынша

1-орынды 1 курс студенті Т. Ж. Ахметжанов иеленді.
2-орынды Ж. Д. Мұсағұлова жеңіп алды.
3-орын А. М. Болатхановаға бұйырды.
Жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі грамоталар табыс етілді.