Торайғыров университетінде ЕRG және AlmaU-дың студенттік кәсіпкерлік экожүйесі жобасы бойынша кезекті  кезең басталды..

ERG Service  бас директоры Сергей Петухов жоба аясында жобаларын дайындайтын студенттер алдында сөз сөйледі.

- ERG дамығысы келетін адамдарды қолдайды. «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" - бұл бірегей стартап жасау мүмкіндігі. Жаңа білім мен тәжірибе алу үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланыңыз. Табысқа жету үшін кез келген өзгеріске дайын болу керек. Біздің компанияда осы қағидат қалыптасқан. Дамуды қалайтын қызметкер назарымызға алынады», - дейді  ERG Service бас директоры Сергей Петухов.

Қатысушылар алдында Торайғыров университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Петр Быков сөз алып, шамамен 200 қатысушы ERG кәсіпорындарына жұмысқа орналасатынын айтып өтті.

Оқу барысында үшінші және төртінші курс студенттері экожүйенің кезеңдері туралы біледі. Сонымен қатар, «Идеялар генерациясы» және «Өнім мен жобаға арналған саланы таңдау» модульдерінен өтеді. Жастар мәселелерді шешудің бейстандартты жолдарын іздейді, идеяларды жетілдіруді үйренеді, инновациялық тұрғыдан ойлау дағдыларын меңгереді.