Торайгырова университеті жоғары колледжінің студенты  Александр Иванов пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы атанды.

Швецияда өткен жарыста ол шеберлігі мен кәсібилігінің арқасында қарсыластарын жеңді.

Халмстад қаласында қазақстандықтар үш сайыс пен біріншілікте бірнеше медаль жеңіп алды. Олардың төртеуі-спортшы Александр Ивановта

17 жасар спортшы 66 келі салмақ дәрежесінде күш сынасты, 560 кг сомадағы жүкті көтерді