Ұжымдық иммунитет деңгейін көтеру үшін вакцинациялау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Сәуле Оспанова мен Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі басшысының м.а. Қымбат Сағитова университет студенттері мен қызметкерлері алдында дәріс оқыды.


Білікті эпидемиологтар, инфекционистер Павлодар облысында короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың дамуы және вакцинацияның құқықтық негізі туралы айтып берді.
Әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ертарғын Шахман оқу корпустарындағы, студенттік кампустардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Диалог сұрақ-жауап форматында жалғасты.