Біздің жетістіктер

- Студенттер мен магистранттарды оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы дайындалып, оқу үрдісіне енгізілді;

- Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес инновациялық оқу бағдарламалары жасалынды және оқу үрдісіне енгізілді, практикалар базаларымен белсенді түрде қарым-қатынас жасалынды;

- Академиялық ұтқырлық бойынша шет елдеріне МИ-22н тобының магистранттары – Мошна Н.И., Жагипаров М.Б. (Литва Республикасы, Европалық гуманитарлық университет), Фил(р)-302 тобының студенті Дмитриева Е.В. (Латвия университет, Латвия Республикасы) барып келді.

- «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларына студенттер қатысты;

- Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында олимпиадада 5В020300 – Құқықтану мамандығының студенттері жалпыкомандалық ІІ орынды және Ист(о)-402 тобының студенті Жолдыбалин Р. жеке І орынды иеленді. Республикалық олимпиадада мәдениеттанушы студенттер жоғары көрсеткіштерге ие болды. 2014 жылдың 2 сәуірінде «Саясаттану» мамандығының студенттері Алиакпарова А. және Мукашев А. республикалық пәндік олимпиадаға (Астана қ.) қатысып, екінші және үшінші орындар үшін білім және ғылым министрінің алғыс хаттарымен марапатталды. Философия және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Ж.Д. Қабиденованың жетекшілігімен Әубәкірова Г., Біләлова Э., Шакенов Д. ІІ орынды қанжығаларына байлады. Жұмадилов Н. «Психология» мамандығы бойынша 3 орын алған. Арчибаева Р. «Команданың үздік мүшесі» атты атағын алды. Жетекшісі: Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Жүнісова.

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге дайындықтың жоғарғы деңгейі (1000000 теңге соммасында шаруашылық-келісім тақырыптарын профессорлық-оқытушылық құрамымен ұйымдастырылды).

- ҚР Президенті стипендиясын иеленді: ПД-302 тобының студенті Усеинова Сымбат Канаткызы, АІ-401 тобының студенті Балтабаев Айдос Серикұлы, Пс-302 тобының студенті Капуова Гульжанар Маратқызы, Тар-301 тобының студенті Джасуланова Айгерим Нурлановна, Пд-402 тобының студент Тулегенов Темирлан Масхатұлы, АІ-301 тобының студенті Жұмат Дәрия Қайратқызы, Ист-402 тобының студенті Бейсембаева Акмарал Рашидқызы, М-301 тобының студенті Талгат Айсауле. Сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атындағы стипендияны Пол-402 тобының студенті Ахмедиева Айдана Куанышқызы, Е.Эпиктетов атындағы стипендия Алиакпарова Алия Бакытбековна, Қ.Сәтбаев атындағы стипендияны МПиП-21н тобының магистранты Маусумбаев Рысбек Сапарбекович иеленді.

- Студенттердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуының жоғары деңгейі: оқу ақысын жеңілдіктермен төлеу, облыс әкімінің стипендиясы, жеңілдіктер жасау (жатақхана, күніне бір рет тегін тамақтану, қоғамдық көліктегі жүрісті компенсациялау).