Факультет студенттерін ғылыми жұмыстарға тарту

Студенттер бірінші курстан бастап ҒЗЖ саласында қызмет атқара бастайды. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, студенттер мен оқушыларға арналған дәстүрлі «Сәтпаев оқулары» өтеді, ол 2007 жылдан бастап халықаралық статусқа ие болды. Факультет студенттері конференцияларға қатысу үшін Қазақстанның басқа қалаларына және жақын шетелге шығуға да мүмкіндіктері бар. Олар Е.Бекмаханов атындағы «Аймақ тарихы мен этнографиясы» ғылыми-практикалық орталығының зерттеу жұмыстарына, Археологиялық орталықтың, аймақтық ақпараттық-сараптау орталығының, ПМУ пресс-орталығының жұмыстарына, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын СҒЗЖ-на және зерттеу шараларына ат салысады. Жыл сайын студенттік зерттеу жұмыстарына 100-ден артық студент қатысып отырады.

Студенттердің ҒЗЖ университет аясында ғана шектелмейді. Студенттердің ғылыми жұмыстарының деңгейі мен сапасы оларды әр түрлі деңгейдегі конференцияларға: университеттік, аймақтық және республикалық конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Ғылыми диссертациялардың жыл сайынғы қорғалуы да факультет құрамындағы профессорлық-оқытушылық құрамның сапалы дамуының анықтамасы ретінде беріледі.

Профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі тіл білімі, әдебиеттану, фольклористика, журналистика, педагогика және психология, әлеуметтік жұмыс, шетел филолгиясы, музыкалық өнер салаларында жаңашылдық пен нәтижелілік, алдыңғы қатарлы ой-пікірлерді зерттеу, іздеу, мақсаттарына ұмтылыспен ерекшеленеді.

Факультетте фундаменталды және қолданбалы тақырыптарды: Қазақстанның атақты ақыны, философы, шығыстанушы фольклористы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы (қазақ филология кафедрасы), Павлодар өңірінің ақыны Павел Васильев шығармашылығы, Солтүстік Қазақстанның фольклоры (орыс филология кафедрасы), педагогика және психология саласында өзекті зерттеулер (психология және педагогика кафедрасы), қазақ әдеби тілі саласындағы зерттеулер жүргізіледі.