Оқу-әдістемелік жұмыс

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, МЖМБС, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы негізінде атқарады.

Оқу-әдістемелік жұмыс факультеттің жоспарымен сәйкес жасалады. Оқу-әдістемелік жұмыс:

– мамандықтардың жаңа білім беру бағдарламаларын жасауға;

– мамандықтың, пәннің оқу-әдістемелік кешенін жасауға;

– қазақ, орыс және ағылшын тілінде терминологиялық сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдар жасауға;

– магистрлік дииссертация, курстық және дипломдық жұмыстарының тақырыптарын жұмыс берушілердің талабына сай және ғылымның заманауи дамуына байланысты өзгертуге бағытталған.

Факультеттің кітаппен қамтамасыз етілуі нормаларға сәйкес.

2012 жылдан бастап факультетте 5В050400 Журналистика, 5В040200 Орындаушылық өнер, 2014 жылдан бастап 5В010300 Педагогика және психология, 5В020500 Филология (орыс) мамандықтары бойынша мамандарды даярлауда ерекше орын алатын дуалды білім беру технологиясы енгізілген.