Конкурс на замещение вакантных должностей "Toraighyrov University"


ШАГ 1 из 15

ОПИСАНИЕ КОНКУРСА

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра меңгерушілері:  «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс», «Дене шынықтыру және спорт».

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылыми дәрежесінің болуы және педагогикалық, басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Кафедра профессорлары:  «Ақпараттық технологиялар» - 1.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесінің, "қауымдастырылған профессор (доцент)" ғылыми атағының және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Кафедралардың қауымдастырылған профессорлары (доценттері): «Биология және экология» - 2, «Металлургия» - 1, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көліктiк құрылыс» - 1, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 1, «Қаржы және есеп» - 1.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Кафедралардың аға оқытушылары: «Сәулет және дизайн» - 1, «Металлургия» - 1, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көліктiк құрылыс» - 2, «Құқықтану» - 4, «Дене шынықтыру және спорт» - 4, «Экономика» - 2, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 2, «Ұш тұғырлы тіл» - 3, «Шетел филология» - 2.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Кафедралардың оқытушылары (ассистенттері): «Биотехнология» - 3,  «Металлургия» - 2, «Электротехника және автоматтандыру» - 2.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (086у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс);

6) ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (ғылыми хатшының қолымен расталған, FК үшін мақалалар оттисктерi қоса берілген) n.e.pfeifer@mail.ru; kundyz_mb@mail.ru;

7) оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспары (жоспар нысаны қоса беріледі);

8) факультет декандары лауазымына үміткерлер үшін факультеттің перспективалық даму жоспары университеттің даму жоспарына сәйкес болуы тиіс;

9) кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлер үшін кафедраның перспективалық даму жоспары факультет пен университеттің даму жоспарына сәйкес болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2020 жылғы 02 қазан (қоса алғанда)

Қадамдық нұсқаулық

1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау;

5. Білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;

6. Хабарландыруда көрсетілген тізім бойынша қоса берілген құжаттармен Конкурстық комиссия төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу және  doc@tou.edu.kz мекенжайға жіберу;

7. Екі жұмыс күні ішінде сіз кафедра меңгерушісімен сұхбатқа шақырыласыз

 

Техникалық сұрақтар бойынша 8-747-7360201

HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) хабарласыңыздар

 

(Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі)

«Торайғыров университеті»

коммерциялықемес акционерлік қоғамы

ПОҚ лауазымдарға конкурстық орналасуы

бойынша комиссия төрағасы П.О. Быковқа

Техника ғылымдарының кандидаты

«Механика және мұнай газ» кафедрасының

қауымдастырылған профессоры «доценті)

Наталья Ивановна Петровадан

Мекен жайы: Павлодар қ. Катаев көшесі, 160 үй,

15 пәтер

Үй тел. 20-46-80

Ұялы тел. 8-700-000-00-00

 

өтініш

Faculty of engineering (Инженерия факультетінің) «Механика және мұнай газ» кафедрасына қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына 2020 жылдың «18» қыркүйектегі tou.edu.kz/ru сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес бос орын бойынша конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

______________

Конкурсқа қатысушының

қолы

 __ . _____ 2020

 өтініш жазылған күн

Оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспары

Внимание!
Заявление пишется от руки!


Скачать шаблон списка научных и научно-методических трудов
Скачать шаблон плана работы

Регистрация нового пользователя