Ержанов Нұрлан Телманұлы
Профессор
Ғылыми дәрежесі
Биология ғылымдарының докторы (2000 ж.), профессор (2004 ж.)
Ғылыми атағы
ЖАК профессоры
Білімі
1984 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті (биология және химия мұғалімі)
Жұмыс тәжірибесі
29 жыл, соның ішінде ПМУ-да – 9 лет
Оқытатын пәндері
Ғылыми зерттеу әдістері, Мегаполистердің экологиясы мен табиғатты пайдаланудың заманауи мәселелері
Ғылыми басылымдары
670 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбек, соның ішінде 15 монография, 5 оқулық, 5 авторлық куәлік және 2 Қазақстан Республикасының патенті.

Негізгі ғылыми еңбектері:
Орталық Қазақстан сүтқоректілерінің фаунасы мен экологиясы: даму тарихы және қазіргі жағдайы. – Қарағанды, 1997. – 164 б.
Зоология курсы. – Қарағанды, 2000. – 149 б. (бірлескен авторлықта).
Қазақ ұсақ шоқысының сирек және жойылып бара жатқан сүтқоректілері. – Қарағанды, 2001. – 174 б.
Қазақ ұсақ шоқысының сирек және жойылып бара жатқан жануарлары. – Павлодар, 2005. – 365 б. (бірлескен авторлықта).
Қазақ ұсақ шоқысының аңшылық-промыселдік сүтқоректілері. – Павлодар, 2006. – 141 б.
Павлодар облысының биоалуантүрлілігі. Монография. – Павлодар, 2016. – 496 б. және т.б.

Ғылыми жобаларды басқаруы:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранты – «Орталық Қазақстандағы аңшылық-промыселдік жануарлар түрлерінің қазіргі жағдайын зерттеу», 1996–1998 жж.;
Ғылыми жоба – «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктері мен жануарларының қазіргі жағдайы мен динамикасы», 2003–2004 жж.;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорының іргелі ғылыми зерттеулерге арналған гранты – «Орталық Қазақстанның аңшылық-промыселдік сүтқоректілер популяцияларының экология ерекшеліктерін, қазіргі жағдайын және антропогендік динамикасын зерттеу», 2003–2005 жж.;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жобасы – «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған экологиялық зерттеулер», 2006–2008 жж.;
Ғылым қорының гранты – «Павлодар Ертіс өңірінің сирек және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің биоалуантүрлілігін сақтау жолдары», 2006–2008 жж.;
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық бағдарламасы бойынша ғылыми грант – «Қазақ ұсақ шоқысының (Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан) сүтқоректілер фаунасының қазіргі жағдайы және олардың адам мен үй жануарларының негізгі гельминтоздарының айналымына қатысуы», 2007–2009 жж.;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранты – «Флора мен фаунаның биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану», 2011–2014 жж.;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранты – «Павлодар облысы ормандарының жағдайына экологиялық мониторинг жүргізу және орман алқаптарын қорғаудың интеграциялық кешенді жүйесін әзірлеу», 2012–2015 жж.;
Аэроғарыш агенттігінің гранты – «Қарағанды облысындағы 2007 жылы болған «Протон-М» зымыран тасығышының апаттық құлауы ауданындағы топырақ-өсімдік жамылғысын және Қостанай мен Қарағанды облыстары шекарасындағы Ю-3 аймағындағы қоршаған орта нысандарын зерттеу», 2017 ж.;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранты – «Павлодар облысының тұзды көлдерінің табиғи-ресурстық әлеуетінің ерекшеліктерін зерттеу және басқарылатын артемия шаруашылықтарын құру бойынша дәстүрлі емес инновациялық технологиялық әдістерді әзірлеу мен енгізу», 2018–2020 жж. және т.б.

Біліктілікті арттыру:
КСРО Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Цитология және генетика институтында ғылыми-педагогикалық тағылымдама, 1985–1986 жж.;
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінде біліктілікті арттыру факультетінің сертификаты, 1991 ж.;
Франция, Страсбург қаласындағы Роберт Шуман атындағы университетте ғылыми тағылымдама, 2003 ж.;
РФ Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Жануарлар жүйелеу және экология институтында ғылыми тағылымдама, 2008 ж.;
«Технологияларды коммерцияландыру» курсы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2012 ж.;
Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының жоғары және орта буын басшыларына арналған шетелдік тағылымдама, Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі шеңберінде «Кәсіпкер университет» бағыты бойынша (Нидерланд, Германия, 12.06–18.06.2016 ж.);
Қазақстан университеттерінің жаңа буын басшыларына арналған семинар-тренинг, Мичиган мемлекеттік университеті (АҚШ), 21.05–25.05.2023 ж. және т.б.
Ғылыми зерттеу саласы
Омыртқалы зоология, экология, цитогенетика, жануарларды рационалды пайдалану және оларды қорғау, антропогенді ортаның қоршаған ортаға тигізетін зияны және олардың жануарлар популяциясына әсері
Марапаттаулар, грамоталар, сертификаттар
1996 ж. — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
2001 ж. — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
2002 ж. — Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы;
2005 ж. — «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
2006–2008 жж. — Қазақстан Республикасының ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты;
2010 ж. — Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы алтын медаль;
2011 ж. — «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
2013 ж. — «Павлодар облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
2017 ж. — «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі;
2021 ж. — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі;
2022 ж. — Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы;
2023 ж. — Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы;
2024 ж. — «Ерен еңбегі үшін» медалі;
2024 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;
2024 ж. — «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» медалі;
2025 ж. — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғысы;
2025 ж. — Халықаралық Сәтбаев қорының «III дәрежелі академик Қаныш Сәтбаев» ордені.
Кабинет нөмірі, корпус
А корпусы, 212-бөлме
Жұмыс телефоні
67-37-05
E-mail
dirni@mail.ru