Warning: filesize(): stat failed for https://tou.edu.kz//arm/docs/142_kaz.pdf in /data/web/sites/tou.edu.kz/www/components/com_docs/docs.php on line 133

Warning: Cannot modify header information - headers already sent by (output started at /data/web/sites/tou.edu.kz/www/components/com_docs/docs.php:133) in /data/web/sites/tou.edu.kz/www/components/com_docs/docs.php on line 133
Торайгыров университеті
Хабарлама

                                                         Құрметті білім алушылар!

ШЫҰУ бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мәскеу энергетикалық институты» Ұлттық зерттеу университеті 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде білім алушылар арасында энергетикалық бағыт бойынша онлайн форматта конкурс жариялайды.

 

Өтінімді қабылдау мерзімі – 2021 жылғы 20 қаңтардан 2021 жылғы 20 ақпанға дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, өтінім қалдыру қажет.

 

Құжаттар топтамасын (САББ) (117 каб.), сондай-ақ пошта арқылы: mobilnost_psu@mail.ru

Толығырақ ақпаратты Сыртқы акдемиялық байланыстар басқармасынан (САББ), 117 каб. алуға болады, немесе e-mail арқылы хабарласып: mobilnost_psu@mail.ru

Толығырақ
2021-01-25
Хабарлама

                                                                  Құрметті студенттер!

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Орал мемлекеттік экономикалық университеті 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде онлайн форматта оқу үшін 2, 3 курс студенттері арасында келесі бағыттар бойынша қабылдау жариялайды: экономика, менеджмент, персоналды басқару, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі - 2021 жылғы 29 қаңтар.

 

Конкурсқа қатысу үшін: қатысуға өтінімді (Application form), келісімді (Learning Agreement), паспорт (көшірме, +pdf форматында скан) толтыру қажет.

 

Құжаттар топтамасын Сыртқы акдемиялық байланыстар басқармасына (САББ) (117 каб.), сондай-ақ пошта арқылы: mobilnost_psu@mail.ru

Толығырақ ақпаратты бізбен келесі пошта арқылы алуға болады: mobilnost_psu@mail.ru немесе САББ (117 каб.) немесе тел.: +7-7182-67-36-85 (ішкі - 1205).


Application form рус_2021.docx
Learning Agreement.doc
Толығырақ
2021-01-22
Хабарлама

Құрметті білім алушылар! "Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары" және ҚР БжҒМ БЖБ 2020 жылғы 13 қаңтардағы №14-3/56-ВН хатының негізінде порталда оқу процесінде босаған бакалавриат пен магистратураның бос гранттарын беру туралы өтініштерді онлайн-қабылдау ұзартылды. cos.psu.kz сілтеме бойынша: https://cos.psu.kz/authorization.php студенттерге қызмет көрсету орталығында 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін.
Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар шарт негізінде мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:
* конкурсқа қатысу туралы ректордың атына өтініш;
* транскриптке өтініш;
* жеке куәліктің көшірмесі.
Бос гранттар тізімі университет порталында, "студенттерге" - "Stop жемқорлық" бөлімінде орналасқан (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/component/content/article?layout=edit&id=7412&Itemid=798).
Бос гранттар беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық берешегі жоқ білім алушылар қатыса алады.
Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), содан кейін – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламаларының топтары, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде, түсу жылын ескере отырып қаралады және университеттің Ғылыми кеңесінің қарауына шығарылады. Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, бос білім беру гранттары даярлық бағыты немесе білім беру саласы ішінде қайта бөлінеді.

Толығырақ
2021-01-14
Хабарлама

Құрметті білім алушылар! Порталда оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жүргізіледі cos.psu.kz сілтеме бойынша: https://cos.psu.kz/authorization.php (студенттерге қызмет көрсету орталығы) 2021 жылдың 22 қаңтарына дейін 1-5 курс студенттері, 2 курс магистранттары және докторанттар үшін, 2021 жылдың 05 ақпанына дейін 1 курс магистранттары үшін.

Құжаттар тізімі,
оқу ақысы бойынша жеңілдіктер алу үшін қажетті

1. Өтініш
2. Транскрипт
3. Жеке куәлік көшірмесі
4. Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, Қамқоршылық туралы шешім, ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешім (жетім балаларға);
5. Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедектерге);
6. Туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе АХАЖ бөлімінен әкесін анасының сөзінен жазу туралы анықтама, ата-анасының біреуін (бір ата-анасы бар білім алушыларға) ата-ана құқығынан айыру туралы шешім)
7. Ата-анасының мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, студенттің (мүгедек ата-анасы бар білім алушыларға) туу туралы куәлігінің көшірмесі);
8. Отбасы құрамы туралы тұрғылықты жерінен анықтама (көп балалы);
9. "Торайғыров университеті" КЕАҚ - да барлық білім алушылардың жеке куәліктерінің көшірмелері, оқу орнынан анықтамалар, тұрғылықты жерінен отбасының құрамы туралы анықтамалар (ақылы негізде оқитын бір отбасынан шыққан студенттерге (оқудың барлық түрі, 22 жасқа дейінгі), ата-анасының асырауындағы);
10. Университеттің кадрлар бөлімінен анықтама (ата-анасы университет қызметкерлері болған студенттерге).
Барлық аталған құжаттар порталда PDF форматында тіркеледі.

Толығырақ
2021-01-13
Бағдарламаны іздеу