Warning: filesize(): stat failed for https://tou.edu.kz//arm/docs/132_kaz.pdf in /data/web/sites/tou.edu.kz/www/components/com_docs/docs.php on line 133

Warning: Cannot modify header information - headers already sent by (output started at /data/web/sites/tou.edu.kz/www/components/com_docs/docs.php:133) in /data/web/sites/tou.edu.kz/www/components/com_docs/docs.php on line 133
Торайгыров университеті
Хабарлама

Құрметті студенттер, International Startup Academy инкубациялық жобалар тіркеуін ашады.
Біз идеядан, сатылымды бастауға дейін сіздің стартаптарыңызды дамытуға көмектесеміз.
Тіркелу 19 қазаннан 10 қарашаға дейін өтеді.
Инкубациялық кезең 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін созылады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады:
+ 7 707 510 36 27 – Айжан Серікқызы
Эл. почта: startup.academy.tou@gmail.com
Instagram: @startup.tou

Толығырақ
2020-10-21
Хабарлама

Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді

Торайғыров университетінің 60 жылдығына арналған «ХІI Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз

30 қазан 2020 жыл

YouTube-те конференцияның онлайн көрсетіліміне сілтеме

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Жинақ электрондық формат түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына сертификаттар және алғыс хаттар (пленарлық отырыс қатысушыларына) табыс етіледі.

Конференцияны өткізу орны: КЕАҚ «Торайғыров университеті» Павлодар қаласы

Конференцияны өткізу форматы: онлайн (YouTube сайтында онлайн көрсетілімді көру үшін жоғарыдағы сілтеме бойынша өтіңіз)

 

XII Торайғыров окулары ақпараттық хабарлама

XII Торайғыров окулары конференцияға тіркелу

Мақаланы ресімдеу үлгісі

Толығырақ
2020-10-06
Хабарлама

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 14000, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, IT HUB директоры, Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры, Ғылыми-инновациялық Hub директоры бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызметінің негізгі мәні – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3) автобиография;

4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының (бар болған жағдайда) көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

6) № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтама.

8) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің  HR-қызметіне (каб. 226) тапсыру қажет.

 

Толығырақ
2020-10-05
Хабарлама

Уважаемые  участники конкурса  на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава  «Торайгыров университет»

Уведомляем Вас, о том что, заседание конкурсной комиссии состоится 06.10.2020 года в 15.00 в аудитории А-5

По дополнительным вопросам обращаться в HR-службу А-226

Толығырақ
2020-10-02
Бағдарламаны іздеу