Диссертацияны қорғау (видео)
А. Ю. Хаймулдинаның диссертациялық жұмысын қорғау туралы хабарландыру

 

«8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты («8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) бойынша «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте Хаймулдина Анара Юрьевнаның «8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Педагогикалық дайындық үдерісінде магистранттардың жобалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі.

Диссертациялық жұмыс «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

1. Кариев Адлет Дюсембаевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

2. Абишева Жулдыз Нурлановна – философия докторы (PhD), «Семей медицина университеті» КеАҚ жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Семей қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Бурдина Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының докторы, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;

2. Черник Валерий Эдуардович – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Мурманск арктикалық университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің педагогика кафедрасының доценті, Мурманск қ., Ресей Федерациясы.

Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:

1.  Жуматаева Енгилика – диссертациялық кеңес төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;

2.  Тулекова Гульмира Мухамеджановна – диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары, философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының меңгерушісінің м.а., профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;

3.  Фоминых Наталия Юрьевна – шетелдік ғалым – диссертациялық кеңес мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің «Шетел тілдері №1» кафедрасының профессоры, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы;

4.  Нургалиева Муршида Елубаевна – диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Абильдина Салтанат Куатовна – педагогика ғылымдарының докторы, «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;

2. Бахишева Светлана Мендыгалиевна – педагогика ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры, Орал қ., Қазақстан Республикасы;

3. Кусаинов Габит Муканаевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының дидактика зертханасының бас ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан Республикасы;

Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 25 маусымда сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты («8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, Бас корпус, А-5 ауд.

Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:

https://zoom.us/j/91752605117?pwd=ChPPwQ9nBGIawcIWdWq1f9os32pNAM.1

Конференция идентификаторы: 917 5260 5117

Қол жеткізу коды: 855407

Сайт мекен-жайы: www.tou.edu.kz, e-mail: pgu@tou.edu.kz

Ғылыми хатшы: М. Е. Нургалиева

Тел.: +7 777 868 06 82