«8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты («8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) бойынша «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте Пшембаева Эльмира Сабировнаның «8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Үздіксіз кәсіби білім беру үдерісінде білім алушылардың мансаптық әлеуетін дамыту» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі.
Диссертациялық жұмыс «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
1. Мурзалинова Алма Жакимовна – педагогика ғылымдарының докторы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы;
2. Сармурзин Ербол Жанбырбаевич – философия докторы (PhD), «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
1. Бурдина Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының докторы, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
2. Черник Валерий Эдуардович – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Мурманск арктикалық университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің педагогика кафедрасының доценті, Мурманск қ., Ресей Федерациясы.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
1. Жуматаева Енгилика – диссертациялық кеңес төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
2. Тулекова Гульмира Мухамеджановна – диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары, философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының меңгерушісінің м.а., профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
3. Фоминых Наталия Юрьевна – шетелдік ғалым – диссертациялық кеңес мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің «Шетел тілдері №1» кафедрасының профессоры, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы;
4. Нургалиева Муршида Елубаевна – диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сапиева Майра Саимовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының директоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
2. Бутабаева Лаура Аскаровна – философия докторы (PhD), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
3. Касенов Ханат Нурбикович – философия докторы (PhD), Бірінші проректор – Қазақ ұлттық спорт университетінің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры, Астана қ., Қазақстан.
Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты («8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, Бас корпус, А-5 ауд.
Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:
https://zoom.us/j/94695034653?pwd=uUmfU2pyR5w8WT8jUNK2b2cEJ0NW6X.1
Конференция идентификаторы: 946 9503 4653
Қол жеткізу коды: 142315
Сайт мекен-жайы: www.tou.edu.kz, e-mail: pgu@tou.edu.kz
Ғылыми хатшы: М.Е. Нургалиева
Тел.: +7 777 868 06 82