Диссертацияны қорғау (видео)
А. Н. Балтабекованың диссертациялық жұмысын қорғау туралы хабарландыру

«Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте (ББ 8D07101 – «Машина жасау», ББ 8D07102 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар») 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Балтабекова Алмагуль Нурлыбековнаның «Жүргізушілер жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға арналған тренажер кешенін жасау және зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Көліктік техника және логистика» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Абишев Кайратолла Кайроллинович – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.05.04 – «Жол, құрылыс және көтерме-тасымалдау машиналары»;

2. Муканов Руслан Батырбекович – философия докторы (PhD), «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, «Машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы.

3. Petr Bouchner – философия докторы (PhD), Прага қаласындағы Чех техникалық университеті, «Көлік құралдары» кафедрасының профессоры, Прага қ., Чехия Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Балгабеков Толеу Кунжолович – техника ғылымдарының кандидаты, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институты, «Көлік техникасы, технологиялар және стандарттау, сертифиикаттау және метрология» БББТ-ның қауымдастырылған профессоры (доцент), Астана қ., Қазақстан Республикасы, 05.05.06 – «Тау-кен машиналары» мамандығы.

2. Кушалиев Даурен Кайсарович – техника ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «Көлік инженерия» кафедрасының доцент м.а., Астана қ., Қазақстан Республикасы, 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары».

3. Иманбаев Ернат Бакытович– философия докторы (PhD), «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-нің сервис сапасы бойынша директоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы, 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы.

Ресми рецензенттер:

1. Камзанов Нурбол Садыканович – философия докторы (PhD), «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, «Көлік инженериясы» білім беру бағдарламасының басшысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы;

2. Бақыт Ғабит Бақытұлы – философия докторы (PhD), «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ, «Жылжымалы құрам» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы.

Диссертация қорғауы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 15:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D07101 – «Машина жасау», 8D07102 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жайы: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

ZOOM платформасына сілтеме: https://zoom.us/j/97750683394?pwd=x1RrLvLruof50MzlSKK9imNNcuBJ6g.1

Конференция идентификаторы: 977 5068 3394.

Кіру коды: 676337.

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz.

Ғалым хатшы: Сулейменов Ансаган Дюсембаевич

Тел. +7 705 511 72 99

e-mail: suleimenov.a@teachers.tou.edu.kz.