Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КеАҚ-да 8D07101 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Татьяна Леонидовна Лубтың «Өздігінен айналатын кесу жиегі бар құралмен ротациялық өңдеудің дәлдігін зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Мусина Жанара Керейовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.03.01 – «Механикалық және физика-техникалық өңдеудің технологиясы мен жабдықтары»;

2. Касенов Асылбек Жумабекович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КеАҚ, Тараз қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.03.01 – «Механикалық және физика-техникалық өңдеудің технологиясы мен жабдықтары»;

3. Янюшкин Александр Сергеевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «И. Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университеті», Чебоксары қ., Чуваш Республикасы, Ресей Федерациясы, мамандығы 05.03.01 – «Механикалық және физика-техникалық өңдеудің технологиясы мен жабдықтары».

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Жаркевич Ольга Михайловна – техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;

2. Сейдахмет Асқар Жүнісұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты ШЖҚ РМК «Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының» жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

3. Молдагалиев Арман Бердібекович – техника ғылымдарының кандидаты, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, «Механика және машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.

Ресми рецензенттер:

1. Юрченко Василий Викторович – философия докторы (PhD), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы, 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы;

2. Молдаханов Бекболат Аскерханович – философия докторы (PhD), «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, «Халықаралық инженерия мектебінің» аға оқытушысы, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы, 8D07102 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы.

Диссертация қорғауы 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 11:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D07101 – «Машина жасау», 8D07102 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жайы: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

ZOOM платформасына сілтеме: https://zoom.us/j/95353823395?pwd=0NVn0kfL99pgrYMI5WxH8H7apttMug.1

Конференция идентификаторы: 953 5382 3395.

Кіру коды: 242976.

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz.

e-mail: suleimenov.a@teachers.tou.edu.kz.