Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КеАҚ-да «8D07201 – Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Каменов Алмат Айтасовичтің «Алюминий электролизі өндірісінің анодтарын құю кезінде қолданылатын шойынның қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация «Торайғыров университеті» КеАҚ «Металлургия» кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Богомолов Алексей Витальевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Металлургия» кафедрасының профессоры, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»;

2. Жакупов Алибек Ныгматуллович – философия докторы (PhD), «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия»;

3. Рыспаев Талант Акимжанович – техника ғылымдарының докторы, Нанотехника ғылыми-өндірістік орталығы бөлімінің ғылыми директоры, ZoZ GmbH, Венден қ., Германия.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент-мүшесі, РАҒ Орал бөлімшесінің академик Н.А. Ватолин атындағы Металлургия институты Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесінің болат және ферроқорытпалар зертханасының меңгерушісі, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».

2. Ким Сергей Васильевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Рентан» ЖШС директоры. Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы, специальность мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».

3. Султангазиев Руслан Бауржанович – философия докторы (PhD), «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Теміртау қ., Қазақстан, мамандығы 6D070900 – «Металлургия».

Ресми рецензенттер:

1. Капелюшин Юрий Евгеньевич – философия докторы (PhD), Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, Челябинск қ., Ресей Федерациясы, мамандығы – «Материалтану және инженерия»;

2. Абдулабеков Ержан Эдгарович –техника ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры, Ақтөбе қ., Қазақстан, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».

Диссертацияны қорғау 2025 жылдың 19 желтоқсанында сағат 11:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

ZOOM платформасына сілтеме:

https://zoom.us/j/95633356585?pwd=bJzymgu0SrhTO7iyzDK8HTdpiflCHs.1  

Конференция идентификаторы: 956 3335 6585

Кіру коды: 182326

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz  

e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz