«Торайғыров университеті» КЕАҚ-де философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Попов Федор Евгеньевичтің «Ядролық энергетикада пайдалану үшін дисперсті-арматураланған болат алу технологиясын әзірлеу және зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді. Білім беру бағдарламасы: 8D07202 – «Қара және түсті металдардың металлургиясы».
Диссертация жұмысының түрі: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертация «Металлургия және материалтану» кафедрасында «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-де орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Арбуз Александр Сергеевич – 6D071000 «Материалтану және жаңа материалдар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), Назарбаев Университеті, Бірлескен пайдалану кеңсесі және HPC ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан.
2. Jan Neethling – физика бағыты бойынша философия докторы (PhD), Нельсон Мандела университеті Физика кафедрасының профессоры және Жоғары айқындығы бар өткізгіш электрондық микроскопия орталығының (Centre for HRTEM) аға ғылыми қызметкері, Порт-Элизабет, Оңтүстік Африка.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Богомолов Алексей Витальевич – 05.16.02 «Қара, түсті және сирек металдардың металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Металлургия» кафедрасының профессоры, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан.
2. Габдуллин Серик Токенович – техника ғылымдарының кандидаты, 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек кездесетін металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, Ж. Әбішев атындағы химия-металлургиялық институтының химиялық талдау зертханасының меңгерушісі, Қарағанды, Қазақстан.
3. Волкова Олена – инженерия ғылымдарының докторы, профессор, Темір және болат технологиясы институтының директоры, TU Bergakademie Freiberg, Фрайберг қ., Германия;
Ресми рецензенттер:
1. Султангазиев Руслан Бауржанович – 6D070900 «Металлургия» мамандығы бойынша PhD докторы, «А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» ҰАҚ нанотехнология және металлургия кафедрасының доценті міндетін атқарушы, Қарағанды, Қазақстан.
2. Огнева Екатерина Михайловна – техника ғылымдарының кандидаты, мамандығы 05.16.05 – «Металдарды қысыммен өңдеу», Г. И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, Магнитогорск қ., Ресей.
Диссертация қорғау 2025 жылғы 19 желтоқсанда, сағат 14:30-да «Торайғыров университеті» КЕАҚ жанындағы 8D07201 – Металлургия білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Өтетін орны: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, бас корпус, А-5 аудиториясы.
ZOOM платформасына сілтеме:
https://zoom.us/j/97221959185?pwd=gycfw61kLiEjydKbaKj8i7B6tojXbp.1
Конференция идентификаторы: 972 2195 9185
Кіру коды: 740640
Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz
e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz