Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КЕАҚ «8D07201» – Металлургия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Алмат Муканович Аубакировтың «Феррохром өндіруге арналған тотықсыздандырғыштарды ала отырып, әлсіз қақталатын көмілерді кокстау технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Металлургия» кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Калиакпаров Алтай Гиндуллинович –техника ғылымдарының докторы, «ERG Project» ЖШС металлургия бойынша сарапшы, Астана қ., Қазақстан, мамандығы – 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»

2. Толымбекова Лязат Байгабыловна – техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасының аға оқытушысы., Астана қ., Қазақстан, мамандығы – 6D070900 «Металлургия»;

3. Капелюшин Юрий Евгеньевич – философия докторы (PhD), Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, Челябинск қ., Ресей Федерациясы, мамандығы – «Материалтану және инженерия»;

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Ahmet Deniz Bas –PhD докторы, «Тау-кен ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Mugla Sitki Kocman University, Мугла қ., Түркия Республикасы, мамандығы – «Тау-кен инженериясы»;

2. Абдулабеков Ержан Эдгарович –техника ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры, Ақтөбе қ., Қазақстан. мамандығы – 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»;

3. Койшина Гулзада Мынгышкызы – PhD докторы, «Сәтбаев университеті» КЕАҚ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан,  мамандығы – 6D70900 «Металлургия».

Ресми рецензенттер:

1. Жумагалиев Ерлан Уланович –техника ғылымдарының кандидаты,                              «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе қ., Қазақстан, мамандығы – 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»;

2. Тажиев Елеусиз Болатович – PhD докторы, «Сәтбаев университеті» КЕАҚ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан,  мамандығы – 6D70900 «Металлургия».

Диссертацияны қорғау 2025 жылдың 18 желтоқсанында сағат 14:30-де «Торайғыров университеті» КЕАҚ жанындағы 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жайы: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

ZOOM платформасына сілтеме:

https://zoom.us/j/99536265292?pwd=FuNROcabxLGsSCgTyZFknwbcv0EJib.1   

Конференция идентификаторы: 995 3626 5292

Кіру коды: 889067

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz  

e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz