Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КеАҚ-да 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Лиақын Ләзаттың «Қоспалардың мөлшері жоғары сульфаттық мырыш ерітінділерін тазарту үрдісінің физикалық-химиялық зерттеулері» тақырыбындағы докторлық диссертация жұмысын қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Диссертация «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, халықаралық инженерия мектебінде орындалған.

Ресми рецензенттер:

1. Меркибаев Ерик Серикович – философия докторы (PhD), «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының аға оқытушысы, «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия»;

2. Шарипов Рустам Хасанович - философия докторы (PhD), перспективалы материалдар зертханасының меңгерушісі, «Қазақстан Британ техникалық университеті» АҚ материалтану және жасыл технологиялар мектебінің қауымдастырылған профессоры, мамандығы 6D070900 – «Металлургия»;

Ғылыми кеңесшілер:

1. Оналбаева Жанар Сагидолдиновна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Халықаралық инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры, «VERITAS» артықшылық орталығының АҒҚ, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, Өскемен қ., Қазақстан, мамандығы 6D070900 – «Металлургия»;

2. Мамяченков Сергей Владимирович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ресейдің тұңғыш президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал Федералдық университеті», Екатеринбург қ., Ресей. Мамандығы 05.16.03 – «Түсті және сирек металдар металлургиясы».

Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:

1. Жунусов Аблай Каиртасович – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»;

2. Шабанов Ербол Жақсылықұлы – философия докторы (PhD), «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ, Ақтөбе қ., Қазақстан, мамандығы 6D070900 –«Металлургия»;

3. Жакупов Алибек Ныгматуллович – философия докторы (PhD), «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия»;

4. Быков Петр Олегович – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия» кафедрасының профессоры, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан, мамандығы – 05.16.02 «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Суюндиков Мерхат Мадениевич – техника ғылымдарының кандидаты, профессор «Металлургия» кафедрасының профессоры,«Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»;

2. Ahmet Deniz Bas -  PhD, тау кен ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  Mugla Sitki Kocman университеті, Мугла қ., Туркия Республикасы, мамандығы – «Тау-кен инженериясы».

3. Малдыбаев Галымжан Кенжекеевич – философия докторы (PhD), мамандығы 6D070900 – «Металлургия», «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК ғылымды дамыту бөлімінің маманы. Алматы қ. Қазақстан Республикасы.

Диссертация қорғауы 2025 жылғы 13 маусымда сағат 14.00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

ZOOM платформасына сілтеме:

https://zoom.us/j/97883489366?pwd=StYtao1kMcb6bZFETG2zmpmjLrJlJx.1

Конференция идентификаторы 978 8348 9366.

Кіру коды: 201912.

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz.

e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz