«Торайғыров университеті» КеАҚ-да 8D07201– «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Шошай Жансериктің «E – waste» және техногендік шикізатты бірлестіре өңдеудің гидрометаллургиялық схемасын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертация жұмысын қорғауы өтеді.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Диссертация «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, халықаралық инженерия мектебінде орындалған.
Ресми рецензенттер:
1. Суримбаев Бауыржан Нуржанович – философия докторы (PhD), директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығының» ШЖҚ РМК филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми өндірістік бірлестігі» («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ), Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия».
2. Меркибаев Ерик Серикович – философия докторы (PhD), «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының аға оқытушысы, «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия».
Ғылыми кеңесшілер:
1. Саденова Маржан Ануарбековна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «VERITAS» артықшылық орталығының ЖҒҚ, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 02.00.15 – «Химиялық кинетика және катализ».
2. Варбанов Петар Сабев – PhD докторы, тұрақты даму жөніндегі құзыреттілік орталығының зерттеуші профессоры, Иштвана Сечени университеті, Дьёр қ., Венгрия, мамандығы – «Процестерді интеграциялау».
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Жунусов Аблай Каиртасович – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».
2. Шабанов Ербол Жақсылықұлы – философия докторы (PhD), «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 –«Металлургия».
3. Жакупов Алибек Ныгматуллович – философия докторы (PhD), «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия».
4. Быков Петр Олегович – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия» кафедрасының профессоры, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы – 05.16.02 «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Олейникова Наталья Васильевна – техника ғылымдарының докторы, Түсті металдар институтының «Түсті металдар металлургиясы» кафедрасының профессоры, доценті, Сібір федералды университеті, Красноярск қ., Ресей, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»;
2. Койшина Гулзада Мынгышкызы – философия докторы (PhD), «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D070900 – «Металлургия»;
3. Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент-мүшесі, Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, РҒА Орал бөлімшесінің металлургия институты, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы, мамандығы 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы».
Диссертация қорғауы 2025 жылғы 06 мамырда сағат 14:30-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.
ZOOM платформасына сілтеме:
https://zoom.us/j/97883489366?pwd=StYtao1kMcb6bZFETG2zmpmjLrJlJx.1
Конференция идентификаторы: 978 8348 9366.
Кіру коды: 201912.
Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz
e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz