«Торайғыров университеті» КеАҚ-да 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Асылова Карлыгаш Баймухановнаның «Тарту-көлік машинасының жартылай шынжыр табанды қозғалтқышын жобалау және оның параметрлерін негіздеу» тақырыбындағы докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертация «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Көліктік техника және логистика» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
1. Булатов Нуржан Кажмуратович – техника ғылымдарының кандидаты, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.05.04 – «Жол, құрылыс және көтеру-тасымалдау машиналары»;
2. Бақыт Ғабит Бақытұлы – философия докторы (PhD), Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті, «Жылжымалы құрам» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары».
Ғылыми кеңесшілер:
1. Абишев Кайратолла Кайроллинович – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.05.04 – «Жол, құрылыс және көтерме-тасымалдау машиналары»;
2. Касенов Асылбек Жумабекович – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.03.01 – «Механикалық, физика-техникалық өңдеу технологиялары мен жабдықтары»;
3. Мардонов Бахтиёр Тешаевич – техника ғылымдарының докторы, Науаи мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті, Науаи қ., Өзбекстан Республикасы, мамандығы 05.02.05 – «Механикалық және физика-техникалық өңдеу технологиялары мен процестері».
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Абишев Кайратолла Кайроллинович – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.05.04 – «Жол, құрылыс және көтерме-тасымалдау машиналары»;
2. Касенов Асылбек Жумабекович – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 05.03.01 – «Механикалық, физика-техникалық өңдеу технологиялары мен жабдықтары»;
3. Раджибаев Давран Октамбаевич – техника ғылымдарының докторы (DSc), профессор, Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы, мамандығы 05.08.05 – «Темір жолдардың жылжымалы құрамы, поездардың тарту күші және электрлендіру»;
4. Сулейменов Ансаган Дюсембаевич – философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D071200 – «Машина жасау».
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Куатова Молдир Жангелдиевна – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты ШЖҚ РМК «Академик Ө. А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты», ғылыми жұмыс жөніндегі директор орынбасары, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D060300 – «Механика»;
2. Балабекова Кырмызы Гинаятовна – философия докторы (PhD), «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»;
3. Шуренов Марат Кенжалиевич – философия докторы (PhD), «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, И. В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары».
Диссертация қорғауы 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D07101 – «Машина жасау», 8D07102 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.
ZOOM платформасына сілтеме: https://zoom.us/j/99207390365?pwd=umIq6TyRRJUGX0QP8MzUBeyUvB6TvD.1
Конференция идентификаторы: 992 0739 0365.
Кіру коды: 130200.
Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz.
e-mail: suleimenov.a@teachers.tou.edu.kz.