«Торайғыров университеті» КеАҚ-да «8D01101 (6D010300) – Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Куватов Аскар Жолдасбековичтің «Студенттердің ішкі интеллектуалды әлеуетін арттырудың педагогикалық шарттары (дене шынықтыру және спорт мамандарына арналған)» тақырыбындағы докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Диссертация «Торайгыров университет» КеАҚ, «Тұлғалык дамыту және білім беру» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
1. Усина Жанар Амангельдиновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ, Жоғары білім беру мектебі, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы «13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, сауықтыру және бейімдеу дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі».
2. Кожамкулова Назгуль Сейфулинқызы – PhD докторы, «Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті» мекемесі, «Педагогика, психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы «6D010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі».
Ғылыми кеңесшілер:
1. Жуматаева Енгилика – педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы «13.00.01 – Жалпы педагогика».
2. Комарова Ирина Анатольевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «А.А. Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университеті» білім беру мекемесі, «Балалық шақ және отбасы педагогикасы» кафедрасының доценті, Могилев қ. Беларусь Республикасы, мамандығы «13.00.01 – Жалпы педагогика».
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Жуматаева Енгилика – педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.
2. Колумбаева Шолпан Жаксыбаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті», «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, доцент, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
3. Томас Чех – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Палац университеті» Оломоуц қ., Чехия Республикасы.
4. Маусумбаев Рысбек Сапарбекович – PhD философия докторы, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Голованов Виктор Петрович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, КеС (Коммерциялық емес серіктестігі) «Обнинский полис» білім беруді, ғылымды және мәдениетті дамыту орталығы балалық шақ зертханасының меңгерушісі, «Инновациялық білім және даму академиясы» ҚКББАКеҰ (Қосымша кәсіптік білім берудің автономды коммерциялық емес ұйымы) сарапшысы, Ресей білім академиясының Білім философиясы және теориялық педагогика бөлімі жанындағы өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері жөніндегі ғылыми кеңестің мүшесі, Ресей Федерациясының 3 санатты кеңесшісі.
2. Дошыбеков Айдын Багдатович – PhD философия докторы, Қазақ спорт және туризм академиясы, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы «6D010800 – Дене шынықтыру және спорт».
3. Сулеева Карина Мадиевна – PhD философия докторы, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ, «Дене шынықтыру және спорттық даярлықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы профессорының ассистенті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы, мамандығы «8D01101 – Педагогика және психология».
Диссертация қорғауы 2024 жылғы 25 желтоқсан сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты бойынша «8D01101 – Педагогика және психология» (6D010300 – Педагогика және психология) білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.
ZOOM платформасына сілтеме: https://zoom.us/j/99207390365?pwd=umIq6TyRRJUGX0QP8MzUBeyUvB6TvD.1
Конференция идентификаторы: 992 0739 0365
Кіру коды: 130200
Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz, e-mail: rysbek06051990@mail.ru