Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КеАҚ-да 6D060700 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Рахметова Асель Мурзагельдиновнаның «Қашықтағы ісіктің өсуі жағдайындағы бүйректің құрылымдық өзгерістері және литий карбонатымен түзету» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: қазақша.

Диссертация «Торайғыров университеті» КеАҚ-да «Биология және экология» кафедрасында орындалған.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:     

1. Атанбаева Гулшат Капалбаевна – биология ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры: 03.00.13 – физиология), қауымдастырылған профессор (доцент), «Биофизика, биомедицина және нейроғылым» кафедрасының профессорының м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан;

2. Лушникова Елена Леонидовна – биология ғылымдарының докторы (мамандық шифры: 03.00.11 – эмбриология, гистология және цитология), профессор, Молекулалық патология және патоморфология институтының директоры, Жаңасібір қ., Ресей;

3. Киян Владимир Сергеевич – философия докторы (PhD) (мамандық шифры: 6D060700 – Биология), қауымдастырылған профессор (доцент), биоалуантүрлілік және генетикалық ресурстар зертханасының меңгерушісі, Ұлттық биотехнология орталығы, Астана қ., Қазақстан.

Ресми рецензенттер:

1. Абдрешов Серик Наурызбаевич – биология ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры: 03.00.13 – физиология), қауымдастырылған профессор (доцент), лимфа жүйесінің физиологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Генетика және физиология институты, Алматы қ., Қазақстан;

2. Маматаева Айгуль Тумаевна – биология ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры: 03.00.13 – физиология), «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Жумадина Шолпан Молдажановна – биология ғылымдарының докторы, (мамандық шифры: 03.00.13 – физиология), доцент, С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының профессорының м.а., Астана қ., Қазақстан;

2. Бгатова Наталия Петровна – биология ғылымдарының докторы, (мамандық шифры: 03.03.04 – жасушалық биология, цитология, гистология), профессор, ультрақұрылымдық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, Клиникалық және эксперименттік лимфологияның ғылыми-зерттеу институты Жаңасібір қ., Ресей.

Диссертация қорғауы 2024 жылы 23 мамырда сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ 8D05101 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және офлайн) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

Zoom арқылы қосылу үшін сілтеме: https://zoom.us/j/91280245935?pwd=K0ZyamM1c2JrZHphaWtrUU1PSnNVdz09   

Конференция идентификаторы: 912 8024 5935

Кіру коды: 126532

Сайттың мекен-жайы:  www.tou.edu.kz, e-mail: ualiyeva.r@tou.edu.kz