Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КЕАҚ-да 8D05101 Биология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған А. Н. Заканованың  «Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы антропогендік әсердегі ұсақ сүтқоректілердің фаунасы мен экологиясы» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация «Торайғыров университеті» КЕАҚ-да «Биология және экология» кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

1. Есжанов Бирликбай – биология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының доценті, мамандығы: 03.00.08 – зоология, Алматы қ., Қазақстан.

2. Карагойшин Жасхайыр Мухангалиевич – биология ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы, мамандығы: 03.00.08 – зоология, Астана қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

Ержанов Нурлан Тельманович – биология ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Биология және экология» кафедрасының профессоры, мамандығы: 03.00.08 – зоология, Павлодар қ., Қазақстан.

Литвинов Юрий Нарциссович – биология ғылымдарының докторы, профессор, РҒА СБ Жануарлар экологиясы мен систематика институты ФМБҒМ, омыртқалы жануарлар мен қауымдастықтар экологиясы зертханасының меңгерушісі, мамандығы: 03.00.08 – зоология, Жаңасібір қ., Ресей.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:     

1. Грачев Юрий Александрович – биология ғылымдарының кандидаты, ҒжЖБМ ҒК, «Зоология институты» ШЖҚ РМК териология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, мамандығы: 03.00.08 – зоология, Алматы қ., Қазақстан.

2. Кашкаров Роман Даниилович – PhD докторы, Өзбекстан Республикасы ҒА Зоология институтының омыртқалы жануарлар зертханасының аға ғылыми қызметкері, мамандығы: зоология, Ташкент қ., Өзбекстан.

3. Хроков Валерий Васильевич – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының құрметті мүшесі, мамандығы: 03.00.08 – зоология, Алматы қ., Қазақстан. 

Диссертацияның қорғалуы 2023 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:00-де «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның 8D05101 Биология мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

Сайттың мекен-жайы:  www.tou.edu.kz, e-mail: pgu@psu.kz

ZOOM платформасындағы сілтеме: 

https://us02web.zoom.us/j/87120409976?pwd=QVhEVys5V21TOXlGbzNnV2hwc0orUT09 

Идентификатор конференции: 871 2040 9976.

Код доступа: 927030.