Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КЕАҚ-да 8D05101 Биология (6D060700 Биология) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған, Р.С. Бейшовтың «Солтүстік Қазақстан өсімдіктерінің сирек түрлерінің популяцияларын ДНҚ полиморфизмінің микросателлитаралық талдауын пайдалана отырып молекулалы-генетикалық зерттеу» тақырыбында қорғауы өтеді.

Диссертация «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша «AP05132458 Солтүстік Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер түрлерінің популяциясының генофондын молекулалы-генетикалық талдау» (№ 0118РК00404) атты ғылыми жоба барысында орындалды.

Ресми рецензенттер:

1. Айдарханова Гульнар Сабитовна – биология ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Агрономия факультетінің «Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, мамандығы: 03.03.01 – физиология; 03.02.08 – экология, Астана қ., Қазақстан.

2. Сулейманова Гульнур Алмасовна – PhD докторы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, мамандығы: 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин, Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

Султангазина Гульнар Жалеловна – биология ғылымдарының кандидаты, «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ биология, экология және химия кафедрасының профессоры, доцент, мамандығы: 03.00.05 – ботаника, Қостанай қ., Қазақстан;

Куприянов Андрей Николаевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, РҒА СБ Адам экологиясы институтының өсімдік ресурстары экологиясы бөлімінің меңгерушісі, мамандығы: 03.00.05 – ботаника, Кемерово қ., Ресей.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:     

1. Шамекова Малика Хабидуллаевна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының» ШЖҚ РМК селекция және биотехнологиялар зертханасының меңгерушісі, ҒжЖБМ ҒК, мамандығы: 03.00.16 - экология, Алматы қ., Қазақстан.

2. Гриценко Диляра Александровна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының» ШЖҚ РМК молекулалы биология зертханасының меңгерушісі, ҒжЖБМ ҒК, мамандығы 6D060700 – Биология, Алматы қ., Қазақстан.

3. Избастина Клара Сержанкызы – PhD докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин кафедрасының аға оқытушысы-қауымдастырылған профессорының м.а., мамандығы 6D061300 – Геоботаника, Астана қ., Қазақстан. 

Диссертацияның қорғалуы 2022 жылдың 25 қарашасында сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның 8D05101 Биология (6D060700 Биология) мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде ZOOM платформасында өтеді.

Сілтеме:https://us02web.zoom.us/j/88150014844?pwd=YVBPc2ROZTNPMEREbllDSU9VWDhzUT09

Конференция идентификаторы: 881 5001 4844.

Кіру коды: 644477.

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Бас ғимарат, А-5 ауд.

Қорғау тілі: қазақша.

Сайттың мекен-жайы: www.tou.edu.kz, e-mail: pgu@psu.kz