«Торайғыров университеті» КЕАҚ жанынан құрылған 8D07201 (6D070900) – «Металлургия» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Руслан Викторович Сапиновтың «Техногендiк, минералды шикiзаттан және электронды қалдықтардан калайы алу процестерiн зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Қорғау тілі: орыс. Қорғау түрі: диссертация.
Диссертация «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мектебінде орындалды.
Ғылыми кеңесшілер:
Куленова Наталья Анатольевна – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ «VERITAS» ЖДО басшысы, Өскемен, Қазақстан;
Олейникова Наталья Васильевна – техника ғылымдарының докторы, доцент, ФМАЖББМ Сібір федералды университетіның «түсті металлургия» кафедрасының профессоры, Красноярск қ., Ресей.
Ресми рецензенттер:
Усольцева Галина Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты, «Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының ассистент-профессоры, Алматы қ., Қазақстан, 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы;
Харченко Елена Михайловна – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды индустриалды университеті КЕАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының доцент м.а., Теміртау қ., Қазақстан, 05.16.07 – «Техногендік және қайталама ресурстардың металлургиясы» мамандығы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
Қаршыға Зәуре Байтасқызы – PhD, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ жанындағы «Металлургия және байыту институты» АҚ, «Титан және сирек отқа төзімді металдар» зертханасының аға ғылыми қызметкері. Алматы қ., Қазақстан.
Мамырбаева Кульзира Калдыбековна – PhD, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты, «Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Алматы қ., Қазақстан.
Байгенженов Өмірсерік Сабыржанұлы – PhD, доцент, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты, «Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Алматы қ., Қазақстан.
Диссертация қорғау аралас форматта 2022 жылғы 24 маусымда сағат 15:00-де Павлодар қ., Ак. Шөкин 139, Б-210 ауд. мекенжайындағы «Торайғыров университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/88091097896?pwd=MWZLZ3dTYzhpcTBlRVpHeEIxekhydz09
Конференция идентификаторы: 880 9109 7896. Кіру коды: ToU2022.
Сайттың мекен-жайы: pgu@tou.edu.kz; e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz