Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КЕАҚ жанынан құрылған 8D07201 (6D070900) – «Металлургия» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жакупова Арай Толепбергеновнаның «Болатты құбыр маркаларынан жасалған үздіксіз құйылған дайындамалардың сапасын арттыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы қорғауы өтеді.

Қорғау тілі: орыс.

Қорғау түрі: диссертация.

Диссертация «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мектебінде орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

Богомолов Алексей Витальевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан;

Абдулина Сауле Амангельдыевна – PhD, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан.

Салина Валентина Алексеевна – техника ғылымдарының кандидаты, РҒА ОрБ металлургия институтының аға ғылыми қызметкері, Екатеринбург қ., Ресей.

Ресми рецензенттер:

Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, Теміртау қ., Қазақстан, 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы.;

Быков Петр Олегович – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан, 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, РҒА ОрБ металлургия институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Екатеринбург қ., Ресей (Хирш индексі 8).

Бабенко Анатолий Алексеевич – техника ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер, РҒА ОрБ қара металлургия бөлімінің басшысы, Екатеринбург қ., Ресей (Хирш индексі 4).

Султангазиев Руслан Бауыржанович – PhD, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты «Бор» зертханасының аға ғылыми қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан (Хирш индексі 3).

Диссертация қорғау аралас форматта 2022 жылғы 27 мамырда сағат 15:00-де Павлодар қ., Ломов 64, А-5 ауд. мекенжайындағы «Торайғыров университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.

ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/88012531609?pwd=TGRkTDBHcSs0RzFGSHJ5MDcyU0xzdz09

Конференция идентификаторы: 880 1253 1609.

Кіру коды: ToU2022$.

Сайттың мекен-жайы: pgu@tou.edu.kz; e-mail: zhakupov.a@tou.edu.kz