Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
5B011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Қазақ филологиясы кафедрасы — жоғары мамандары бар профессор-оқытушылар құрамынан тұратын ұжым. Кафедра мүшелерінің 100 пайызында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар.
Кафедра меңгерушісі – филология ғылымының докторы, профессор Н. Қ. Жүсіпов.
Болашақ мамандарды: ӘҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, құрметті кафедра меңгерушісі Қ.П.Мәшһүр-Жүсіп; филология ғылымының докторы, профессор Н.Қ. Жүсіпов; ӘҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор А.Қ.Тұрышев, филология ғылымының кандидаты, профессор Ж.Т.Сарбалаев; филология ғылымының кандидаты, доцент Р.М. Мүтәлиева; филология ғылымының кандидаты, доцент Г.Т.Кәріпжанова, филология ғылымының кандидаты, доцент Г.К. Қажыбева, филология ғылымының кандидаты, доцент М.Н. Баратова, филология ғылымының кандидаты, доцент Б.М. Қадырова, филология ғылымының кандидаты, доцент А.О.Кәріпжанова дайындайды.
Біліктілігі
5В0117ОО «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының толық курсынан өткен соң «филолог, қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры» деген біліктілікке ие болады, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Бітірушілердің жұмыс орны:
- магистратураға түсу;
- жоғары және орта оқу орындарында қызмет істеу;
- мектептерде (гимназия, лицей) сабақ беру;
- аударма ісі;
- іс-қағаздарын жүргізу, ғылыми орталықтарда;
- баспа саласында қызмет ету;
- білім беруде ұйымдастыру-басқару қызметтерін жүзеге асыру;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінде;
- әдеби-шығармашылық мекемелерінде;
- ұйымдастыру-басқару мекемелерінде;
- әдеби кеңесші ретінде қызмет атқара алады.
5В0117ОО «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген түлек 6М011700 шифры бойынша Магистратураға түсе алады.
Мамандық бойынша білім берудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- білім алушыға дүниетаным, тіршіліктің ғылыми философиялық негіздері, адам өмірі мен қызметінің мазмұны мен теориялық мәні туралы терең білім беру;
- жалпы тіл мен әдебиеттану біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы мәлімет беру;
- ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы, белесті кезеңдері, көркемдік эстетикалық мәселелері;
- қазақ тілінің құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту;
- мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен техникалық жетістіктерін іс - жүзінде пайдалана білуге үйрету;
- ағымдағы әдеби үдерістің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру;
- сөз өнері, әдеби шығарма, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру;
- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін терең меңгерту;
- әлемдік әдебиеттің даму жолы мен бүгінгі жайы туралы мәлімет беру;
- қазақ тілінің даму тарихын меңгерту;
- көпшілік алдында шешен де мәнерлі сөйлеу машығын қалыптастыру және т.б.;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
Дайындық мазмұны
Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді. Білім беру бағдарламасы бойынша ұсынылған тізімі:
- Қазақ тілі мен әдебиеті;
- Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі және т.б.
Негізгі пәндер: халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, 19-ғ.қазақ әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, тіл біліміне кіріспе, қазақ тілі (фонетика, лексика, грамматика), қазақ тілінің оқыту әдістемесі,т.с.с.
Бізге оқуға:
• жалпы білім беру орта мектебін бітірушілер ҰБТ немесе кешенді тестінің нәтижесінде (оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл);
• осы бағыт бойынша орта кәсіптік оқу орнының (колледж) бітірушілері (оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес);
• жоғары кәсіби білім негізінде (оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес) оқуға түсе алады.
Сіз қазақ тілі мен әдебиеті, әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматын қалыптастыру мәселелерімен айналысқыңыз келсе, 5В0117ОО «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсуге шақырамыз.
Біздің мекен-жайымыз:
Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй, 324 каб., т. 67-36-31, 67-36-23
Қабылдау комиссиясы: т. 67-37-73, 132А каб.
Дайындық курстары: т. 67-36-50
Бізге оқуға түсіңіздер!
Қызметтес болуға шақырамыз!
|
Certified
by Russian Register |