Құрметті әріптестер!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының инклюзивті білім беру жағдайында балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша біліктілігін арттыруға ықпал ету шеңберінде «Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психологтың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты көлемі 72 сағат практикалық курсын осы жылдың 03 - 08 маусымның аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

Құрметті әріптестер!

Павлодар облысының әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал ету шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Әлеуметтік жұмыстағы Супервизия. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының мамандарына кәсіби кеңес беру технологиясы» атты көлемі 36 сағат практикалық курсты өткізуді жоспарлайды.

Құрметті әріптестер!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, белсенді жастардың және жобалық менеджмент және бизнес жоспарлау мәселелеріне қызығушылық танытатын тұлғалардың біліктілігін арттыруға ықпал ету шеңберінде «Жобалық менеджмент және бизнес жоспарлау» атты көлемі 36 сағат практикалық курсын осы жылдың 03 - 08 маусымның аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

Құрметті студенттер!

С.Торайғыров атындығы Павлодар мемлекеттік университеті Халықаралық жазғы мектебі аясында экономикалық мамандықтар студенттері үшін «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені» атты оқытуды жүргізеді, ұзақтығы - 10 күн, өткізу мерзімі - 2019 жылдың маусым айы. Жұмыс тілі: орыс.

Құрметті мүдделі тұлғалар!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беру және мемлекеттік қызмет саласы қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру негізінде келесі тақырыптар бойынша шарт негізінде біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды қабылдайды: