Торайғыров университетінде екпе алған студенттер арасында сертификаттар үлестірілді. Олардың қатарында Баянауылға жолдама, Нұр-Сұлтан қаласына сапар, жатақханада тұруға 50% жеңілдік, фитнес залға абонемент және айфон.

Жеңімпаздарды тікелей эфирде студентттік декандар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықтады.

Алғашқы жеңімпаздар «Баянауыл» демалыс орнына барып келді.

Еске салсақ, университеттің жатақханалары мен корпустары «Ашық» жүйесіне қосылған. Санитайзерлер, дезинфекциялық кілемшелер мен тоннельдер, қашықтықтық белгілер және т.б. орнатылды.

Корпусқа кіреберісте термографиялық бақылау жүргізілген. Ғимарат ішін залалсыздандыру кестесі бекітіліп, бетперде кию режимі сақталады. Білім беру үрдісі аралас форматта өтеді: дәрістер - онлайн, қалғаны университетте дәстүрлі түрде.