Торайғыров университетінде бейне-конференц байланысқа арналған жаңа онлайн-алаң іске қосылды.

ІТ-Hub директорының м.а Дария Әбікенованың айтуынша, MeeToU платформасы қашықтықтан оқыту, онлайн-кездесулерді тегін өткізуге арналған. Қатысушылар саны шексіз.

- Қазіргі таңда онлайн-оқыту кең таралғаны мәлім. Сондықтан, стримингті платформаларға сұраныс артты. Көбінесе шетелдік бағдарламалар пайдаланылады. Қатысушылар саны мен уақыт бойынша бар. Сонымен қатар, кейбір сервистердің сапасы нашарлау. Біз өзіміздің платформамызды жасауды шештік. Торайғыров университетінің түлегі Әлфараби Ұзақ MeeToU атты бағдарламалық сервисін жасап, іске қосты. Қазіргі уақытта бағдарлама кеңінен қолданыста, оның базасында селекторлық жиындар өткіземіз, - дейді Дария Әбікенова.