«С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ресми түрде «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Университет тек кадрларды дайындаумен ғана емес, коммерциялық негізді дамытумен де айналыса отырып, экономиканың нақты секторына айналады.

ЖОО заңды тұлғалар құра алады, сондай-ақ ғылыми қызметті коммерцияландыру нәтижелерін тікелей тұтынушыға сатуды және өндіруді ұйымдастыра алады.

Алынатын пайда, басқа инстанцияларды айналып өтіп, университеттің дамуына, материалдық-техникалық базаны, ғылыми зертханаларды қалыптастыруға, жобаларды коммерцияландыруға тікелей бағдарланатын болады.

Ақылы негіздегі оқу құнын реттейтін нормаларды алып тастау да маңызды факт болады. Бұл жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЖОО-ның зертханаларында және серіктес кәсіпорындармен бірлесіп нақты, «теориялық» емес жобаларды орындау негізгі мақсаты болып табылатын білім беру бағдарламалары бойынша жобалық оқытуды кеңейтуде КЕАҚ-ға көшу шеңберінде академиялық еркіндікті дамыту көзделеді.

HR-менеджмент жүйесінде қызметкерлерді материалдық көтермелеуге немесе жалақысына әсер ететін құзыреттер карталары әзірленді.