Металлургия, машина жасау және көлік факультетінде ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері, "Қазақстан ғалымдары" қауымдастығының мүшесі, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, т.ғ.к. профессоры Радул Идаятұлы Сержановтың есімі берілген аудиторияның ашылу салтанаты өтті.

"Металлдарды қысыммен қайта өңдеу үрдістері" аудиториясын жабдықтауға "Металлургия" кафедрасының түлектері мен «KSP Steel». ЖШС ПФ кәсіпорны атсалысты.

Профессор Радул Сержанов (1938-2018) оқу орнында 35 жыл еңбек етті, 3 техника ғылымдарының кандидаты мен 250-ден астам инженер мен бакалаврды даярлады, 3 монография, 28 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы

Ашылу салтанатына жиналған қауым профессордың жарқын жүзін еске алды.