Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің қорытындысы бойынша 33 білім беру бағдарламасын 5 жылдық мерзімге аккредиттеу шешімі қабылданды.

Бакалавр деңгейлері: маркетинг, тарих, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, мұнай және газды қайта өңдеу, биология, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, география.

Магистратура деңгейлері: маркетинг, қаржы, математика, физика, философия, мәдениеттану, тарих, археология және этнология, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, кітапхана ісі, құрылыс материалдары мен конструкциялардың өндірісі, өмір сүрі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, химия, экология, туризм, органикалық заттардың химиялық технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, биология, география.

PhD докторантурасы деңгейлері: экономика, электроэнергетика, педагогика және психология, биология.

Университет ұжымын құттықтай отырып, жетістіктер мен табыстар тілейміз!