Торайғыров университетінің алты профессоры «Үздік жоғары оқу орнының оқытушысы 2019» байқауында жеңіске жетті.

Абылай Жүнісов, Ғалия Итыбаева, Ғалия Қажибаева, Алма Мусина, Қуандық Сақанов және Марина Темербаева үздік атанды.

Олар металлургия және машина жасау, биотехнология, қаржы және құрылыс салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Жүнісов Ресей ғылым академиясының Орал бөлімінде руда материалдары бойынша петрографиялық зерттеулер жүргізуді жоспарлауда.

Профессор-биотехнолог М. Темербаева грантын халықаралық патентті алуға жұмсамақ.

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі А. Мусина ағылшын тіліндегі электронды оқу құралын басып шығармақ. Құрал чехиялық бухгалтерлік есепті қазақстандық жүйеге бейімдеуге бағытталады.